Халықаралық қылмыстық құқық бойынша IV Халықаралық ғылыми конкурс – Олимпиада
Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқық институты, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, В.Я.Кикоть атындағы Ресей Федерациясы Ішкі Істер Министрлігі Мәскеу университеті мен А.Я.Сухарев атындағы Мәскеу Тергеу комитетінің академиясы бірлесіп РФ және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Геноцид: жаңа сын-қатерлер мен қауіптер» тақырыбында халықаралық қылмыстық құқық бойынша IV халықаралық ғылыми конкурс – Олимпиада өткізді.
Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына белгілі ресейлік ғалымдар кірді.
Олимпиада Ресей Федерациясы мен шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері үшін өткізілді.
Олимпиадаға қатысу үшін студенттер Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының сайтында арнайы нысанды толтыру арқылы тіркелді – izak.ru. Олимпиада екі кезеңде өткізілді: іріктеу және қорытынды.
Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 26 ақпан мен 26 сәуір аралығында сырттай (қашықтықтан) формада өтті.
Қорытынды кезең 2024 жылдың 7 мамырында Мәскеу қаласы, Большой Харитоньевский тұйық көшесі, 22/24, 144 бөлме мекенжайы бойынша күндізгі-сырттай нысанда финалистердің қатысуымен өтті.
Аталған олимпиадаға Әл-Фараби ҚазҰУ-нің Заң факультетінің 3 курс, 312 топ студенті Иген Альмира қатысып, Ресей Федерациясы мен шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында іріктеу кезеңінен өтіп, финалда сөз сөйледі. «Үздік салыстырмалы – құқықтық зерттеу» номинациясы бойынша олимпиада сертификатын алды. Ғылыми жетекшісі – Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы.