«Ортағасырлық мәдени мұралардың зерттелуі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

31 мамыр, 2024

2024 жылдың 13 маусымында сағат 10:00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, 4 қабат, академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы 432 дәрісханада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің 90 жылдығына және шығыстанушы, яссауитанушы ғалым, филол.ғ.к., доцент А.К. Ахметбекованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Ортағасырлық мәдени мұралардың зерттелуі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 

  1. Ортағасырлық жазба ескерткіштердің  әдеби мұра ретінде зерттелуі;
  2. Ортағасырлық жазба ескерткіштер -  тілтанымдық және мәдени деректер;
  3. Ортағасырлық жазба ескерткіштер – тарихи-мәдени мұра;
  4. Ортағасырлық жазба ескерткіштердегі теологиялық және философиялық мәселелер.

Конференция материалдары конференциядан кейін ұжымдық монография түрінде жарық көреді.