PolyU -мен бірлесіп әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуетті арттыру бойынша Орталық Азия семинары

29 мамыр, 2024

 

2024 жылы 29 мамырда Гонконг политехникалық университетімен (PolyU) бірлескен жоба аясында ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұйымдастыруымен Әлеуметтік жұмыс саласындағы практикалық зерттеулердің әлеуетін арттыру бойынша Орталық Азия семинары өтті. Семинар Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан зерттеушілері мен практиктерін біріктірді. Кафедра меңгерушісі, профессор Әбдірайымова Гүлмира Серікқызы құттықтау сөз сөйледі. Семинардың негізгі спикерлерінің бірі PolyU -қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаментінің профессоры Ben Hok Bun KU болды, ол әлеуметтік жұмыстағы практикалық зерттеулер саласындағы ғылыми жетістіктерімен, перспективалық тәсілдерімен және өзіндік идеяларымен бөлісті. Тәжікстан мен Өзбекстандық әріптестердің сөздері де қызықты болды. Мунавварова Умеда, профессор, Тәжікстандағы Германия Каритас қауымдастығының филиалының басшысы Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыстың кәсіби стандарттарын біріздендіру нәтижелері туралы айтты. Латипова Надира, профессор және Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің әлеуметтік жұмыс кафедрасының жетекшісі тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеңу тәжірибесін ұсынды. Қазақстандағы осал қоғамдастықтармен жұмыс тәжірибесін Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы (Колумбия университеті) директорының орынбасары Шолпан Примбетова ұсынды. Әлеуметтік жұмыстағы білім беру саласындағы зерттеулермен ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцентінің м.а. Мустафина Айгуль бөлісті. Семинардың ұзақ мерзімді стратегиялары - ғылым мен практиканың интеграциясын күшейту, Орталық Азия елдерінің зерттеулер жүргізудегі ынтымақтастығын нығайту.

Ұйымдастырушылар: Мустафина А.С., Ақмади М.А.