Балалар – ұлт болашағы, оларға алаңсыз бақытты балалық шақ сыйлап, биік табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қоғамның басты міндеті.

31 мамыр, 2024

1 мамыр - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы оқу орны қызметкерлерінің балалары арасында «Менің ата-анам ҚазҰУ-да жұмыс істейді» тақырыбында сурет байқауын өткізіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңіске жеткен бүлдіршіндер университет музейін тамашалап,қызықты экспонаттармен танысты, ата-аналарымен естелікке фотосуреттерге түсті.