Университет ғалымдары шетел зерттеушілерімен бірге жұмыс істейді

3 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ғалым, Хьюстон университетінің профессоры, PhD  Шайкен Тәттіммен кездесу өткізді.

Құрметті қонаққа Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың жетістіктері мен қызметін таныстырды.

Білім ордасының басшысы Шайкен Тәттімді биология саласы бойынша университеттің биология және биотехнология факультетінің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. 

Өз кезегінде профессор ЖОО басшысына қатерлі ісік ауруын алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Тараптар кездесу барысында болашақта ҚазҰУ-да бірлескен ғылыми зертхана құруға уағдаласып, серіктестікті дамытуға келісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі