ҚазҰУ-да экологиялық акция ұйымдастырылды

5 маусым, 2024

ҚазҰУ-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында өткен KazNU For Paper Recycling макулатурасын жинау акциясы аяқталды.   

Акцияның мақсаты жиналған қағаз қалдықтарын қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға жіберуді көздейді. Шара Тұрақты даму мақсаттарының «Өндіріс және жауапты тұтыну» атты 12-ші бағытын іске асыруға арналған. 

Аталған акция мен атауының авторы – география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенті Анастасия Сверенкова. Бастаманы «Экология», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бірінші курс студенттері қолдады.

KazNU for Paper Recycling акциясына қатысушылар университет қызметкерлері арасында үгіт-насихат жүргізіп, хабарландырулар іліп, қалашықтағы оқу ғимараттарында, жатақханаларда макулатура жинау нүктелерін белгіледі. Шара аяқталғаннан кейін жиналған қағаз қалдықтары қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға жіберілді.

«Мен қағаз және басқа да ресурстарды немқұрайды пайдалану мәселесіне көптен бері алаңдаймын. Көбінесе қағаз, пластмасса және металды қоса алғанда, көптеген материалдар күн сайын ұтымсыз пайдаланылады және қоршаған ортаға едәуір зиян келтіреді. Тұтынуды азайту, қайта өңдеу және саналы тұтыну жасыл қоғамға апаратын маңызды қадамдар. Бұл акция тек бастамасы екеніне сенгім келеді. Мен дипломдық жұмысымды университеттің оқу кампусында қалдықтар мәселесін, оларды қайта өңдеу әдістерін және қалдықтардың санын азайту жолдарын зерттеуге арнадым. Осы зерттеу жұмысы аясында университет қалдықтарды кәдеге жаратуға экологиялық таза тәсілді енгізу әдістеріне, сондай-ақ саналы тұтыну идеяларын таратудың негізгі көзіне үлгі бола алады деген қорытындыға келдім», – дейді жоба авторы, «Экология» мамандығының 4-курс студенті Анастасия Сверенкова.

Акцияны ұйымдастырушылар макулатура мен басқа да қалдықтарды жинау, экология бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу, қайталама материалдарды пайдалану университеттің тұрақты даму стратегиясының бір бөлігі бола алатынына сенімді. Мұндай акцияларды тұрақты тәжірибеге айналдыру кампустағы қалдықтарды азайтуға ғана емес, сонымен қатар студенттер мен қызметкерлер арасындағы экологиялық мәдениетті арттыруға көмектеседі. Әркім қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады.

Барлық студенттер мен оқытушыларды осындай бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі