Қазақстандық мектеп оқушылары физикадан APhO Азия олимпиадасына қатысуда
5 маусым, 2024

Малайзияның Кампар қаласында 3-10 маусым аралығында физикадан Азиялық APhO олимпиадасы өтуде. Оған әлемнің 28-ден астам елінен өкілдер қатысуда.
Азиялық физика олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары арасында физикадан жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс. 2000 жылдан бері өткізіліп келеді.
Еліміздің намысын әлемдік аренада қорғайтын команданың жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD докторы, Сүлеймен Демирел университетінің доценті;
Нұрдәулет Қаласов – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультеті, жылуфизикиа және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар

28 сәуір, 2025

28 сәуір, 2025

28 сәуір, 2025