4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

4 маусым, 2024

Мемлекеттік Рәміздер күніне орай университетіміздегі оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Мәңгілік ел» сағат стелласының жанында Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Сонымен қатар, аталған күнге орай оқу ордамызда білім алатын 600 студентіміз «Медеу» спорт кешені жанындағы алаңда қала басшылығының, мәдениет және спорт қайраткерлерінің, қоғам өкілдерінің, жастардың «Туды көтеру және Әнұранды шырқау» салтанатты рәсіміне қатысты. 
Мемлекеттік Рәміздер күні баршаңызға құтты болсын! Еліміздің көк Туы тек биікте желбіреп, Әнұранымыз жақсы күндерде шырқала берсін.