ҚазҰУ ғалымы Римдегі ғылыми конференцияға қатысты
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзі тарихын зерттеу бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қ.Т. Жұмағұлов Италияға, Римге ғылыми сапары барысында La Sapienza Universita di Roma, Facolta di Lettera e Filosofia университетінде болды. Ол тарих және антропология департаментінің профессорлары мен ғылыми қызметкерлерімен кездесуінде әріптесі профессор Фабио Грассиге естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар ҚазҰУ профессоры 2024 жылдың ақпан айында жарық көрген «Еуразия түркі әлемі тарихы» атты жаңа кітабын сыйға тартты. Бұл ретте ол 2024 жылдың 15 қаңтарында мерекелеу басталған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналғанын айтты. Кітапта ағылшын тілінде көптеген материалдар бар, бұл шетелдегі оқырмандар үшін өте қызықты.
Профессор атап өткендей, соңғы жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз қызметінің барлық салаларында: оқытушылық, ғылыми-зерттеу және басқа да маңызды салаларда үлкен серпіліс жасады. Жақында ғана әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS әлемдік рейтингінде 67 позицияға көтеріліп, 163-орынға ие болып, әлемнің үздік 200 университетінің қатарына қайта оралғаны туралы қуанышты хабар келді. Университет ректоры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Қ. Түймебаев атап өткендей, ҚазҰУ барлық көрсеткіштер бойынша жоғары жетістіктерді көрсете отырып, қазақстандық университеттер арасында көш бастап келеді.
Профессор Фабио Грасси ең алдымен ҚазҰУ-дың барша ұжымын университеттің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, профессордан осыны Алматыға жеткізуді өтінді. Бұл ретте ол бір кездері Қ.Т. Жұмағұловтың шақыруымен ҚазҰУ-да болып, студенттерге дәріс оқығанын, сонымен қатар Астанада Қазақ хандығының құрметті мерейтойына арналған халықаралық конференцияда сөз сөйлегенін атап өтті. Оның айтуынша, екі университет арасында қос дипломдық бағдарлама жұмыс істейді, осының аясында үздік магистранттар Ла Сапиенца мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дипломдарымен өмірге нық қадамдар жасайды. Жақында ректорларыңыз Ж.Қ. Түймебаев бізге келіп, екі университеттің одан әрі интеграциялануына тың серпін берді.
Ғылыми сапар барысында профессор Қ.Т. Жұмағұлов Италия қоғамының қазіргі дүниежүзілік тарихындағы мәселелеріне арналған «Convegno nazionale della societa Italiana di Storia Internazionale» конференциясына қатысты. Оның барысында пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Ватикандағы кітап қоймаларында және Ватикан Апостолдық кітапханасының қорларында (Biblioteca Apostolica Vaticana) әлемде қолжазбалар мен библиографиялық сирек заттардың көнелігі мен байлығы бойынша құрметті орынға ие болған профессор Қ.Т. Жұмағұлов Алтын Орда тарихы мен оның мұрасы бойынша елеулі зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Мұндағы бірегей дереккөздер – Рим папалардың хаттары, сондай-ақ латын, ерте герман және скандинав тілдеріндегі сирек жылнамалар, материалдар мен қолжазбалар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі