Заң факультетінің 30-жылдық түлектері университет музейіне сыйлық жасады

7 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға заң факультетін 30 жыл бұрын бітірген түлектері келді. Бұл факультетте белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, заңгерлер, сот жүйесінің қызметкерлері білім алды

Олар оқу ордасының игі істері мен жағымды өзгерістермен танысты. Музей экспозицияларын тамашалап, университет қабырғасында алған білімдері мен тәжіриберелін ел игілігіне жұмсайтындарын айтты. ҚазҰУ-ды  90- жылдық мерейтойымен құттықтап, биік белестерден көрінуіне тілекші екендерін жеткізді

Экскурсия соңында мемлекет және қоғам қайраткері Әсет Исекешов бастаған бір топ заңгерлер университет музейіне жаңа экспонат ретінде, 1994 жылдағы ҚазҰУ ғимараттары салынған картинаны тарту етті