Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жанынан ұйымдастырылған "ӘДЕМІ» ардагерлер ансамблі музейде

5 маусым, 2024

Астана қаласында қалалық деңгейде өтетін мәдени іс-шараларда, «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында өнерлерін көрсетіп жүрген, жас ерекшеліктері 60-85 жас аралығындағы 30 аса ата-әжелерден құралған ансамбль университет музейін тамашалап, өз өнерлерімен бөлісті

Репертуарларында ретро, халық әндері, халық композиторларының әндері, түркі тілдес халықтардың әндері, заманауи әндері бар көңілдері жас, әдемі ата-әжелеріміз музейдегі экспозицияларға ризашылықтарын білдірді. Экскурсия соңы репертуарларындағы ән шашуға ұласты