Жастар ұйымдары комитетінің жылдық қорытынды кеші өтті.

2 маусым, 2024

Университетімізде Жастар Ұйымдары комитетінің 2023-2024 оқу жылын қорытындылауға арналған кеші өтті. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештің қорытындысы бойынша жылдың белсенді, үздік студенттері, ұйымдары, факультеттері төмендегі марапаттарға ие болды:

Жыл жаңалығы – «Enactus KazNU» клубы және Физика-техникалық факультеті
Үздік СММ – Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Пернебек Заңғар
Үздік Instagram – Жоғары Студенттер Кеңесі 
Үздік TikTok –  ss_kaznu_fit парақшасы
Үздік бейресми кездесу – Биология және биотехнология факультеті
Үздік студенттік декан – Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенті – Имашева Гульжан Еркиновна.
ІІ орын – Биология және биотехнология факультетінің студенті Құрбан Тахмина Смадиярқызы.
ІІІ  орын – Филология факультетінің студенті Аманбекова Аружан Рысбекқызы
Үздік лидер – Ильяс Султан Гылымбекулы, Сайлауов Бақытжан Рүстембекұлы, Нұрқияс Аяна Айтуғанқызы
Үздік факультет – 1. Ақпараттық технологиялар факультеті; 2. Журналистика факультеті; 3. Механика-математика факультеті.
Үздік ұйым –  Жоғары Студенттер Кеңесі, ҚазҰУ Студенттер Сенаты, «Көмек» ҚҚ.

2023-2024 оқу жылының аяқталуымен өздеріңізді құттықтай отырып, осы жылдағы белсенділіктеріңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз!