- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерлетуге мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында дөңгелек үстел
«Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерлетуге мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында дөңгелек үстел
Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен 13-маусым күні «Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерлетуге мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзге де ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында полиэтникалық мемлекет болып табылатын еліміздің түрлі өзекті мәселелері қозғалды.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас көтерген апат салдарларын еңсеру мәселесі негізінде факультет деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы су тасқыны салдарынан зардап шеккен студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан көрсетілген көмектер жайында баяндама жасады.
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Насимова Гүлнәр Өрленбайқызы Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында көтерілген негізгі саяси мәселелерге тоқталып, өз тарапымыздан қандай үлес қоса алатындығымызды сөз етті.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Әбдірайымова Гүлмира Серікқызы “ Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” тақырыбында ой қозғады. Университет қабырғасында студенттер арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер бойынша қорытындылармен бөлісті.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, әлеу. ғ. кандидаты Морозова Т. А. Қазақстанда туып-өскен басқа ұлт өкілі ретінде өз баяндамасын ұсынды. Студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.
Жалпы, дөңгелек үстел барысында ЖОО-да студенттердің ұлтына, тіліне, дініне немесе мәдениетіне бөліп, бөлектеп, арандатып, кемсітуге жол бермейтін орта қалыптастыру негізгі мақсаттарымыздың бірі екендігіне екпін жасалды.