Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінде өзге ұлт өкілді профессор-оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

14 маусым, 2024

2024 жылдың 13 маусым күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 сәуірде өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының берген тапсырмасын іске асыру үшін «Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерлетуге мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында биология және биотехнология факультетінде факультет деканы М.С. Құрманбаеваның және өзге ұлт өкілді профессор-оқытушылардың және шетелдік студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталмыш тақырыптың төңірегінде аясында өзге ұлт өкілді профессор-оқытушылар тарабы өз ойлары мен жеке ұсыныстарын айтты және шетелдік студенттердіңде Қазақстандағы әл ахуалдарына олардың білім сапасы мен қауіпсіздік шаралары, олардың тұрғын жай мәселелеріне тоқталып өтті.

 Бұл шараға факультет құрамындағы 4 кафедраның: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасынан аға оқытушы, PhD Кегенова Г.Б. Жаркова И.М., Запарина Е.Г.; биотехнология кафедрасынан Қыстаубаева А.С.; куратор аға оқытушы Мамытова Н.С:, молекулалық биология және генетика кафедрасынан Ловинская А.В.; биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедраларының аға оқытушысы., Кустубаева Альмира қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарының негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ғылыми жаңалықтар мен технологиялық прогресс биология ғылымында өзекті және адамзаттың әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды екенін ескере отырып, «Биология ғылымдарының тұрақты дамуындағы заманауи тенденциялары" атты халықаралық ғылыми форумды талқылау» атты баяндама жасалды.

Сөз басында факультет деканы, профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы «Бүгінгі өтіп жатқан дөңгелек үстел биология саласында, жалпы алғанда, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін түйткілді мәселелерді талқылап, оның шешімін табуға мол мүмкіндік береді.– деп атап өтті.

Ассамблеяның ХХХІІІ сессиясынада көтерілген басты тақырыптар бойынша дөңгелек үстелде өзге ұлтты оқытушы профессорлар мен студенттер киелі қарашаңырақ Қазақ Ұлттық Университеті биология және биотехнология факультетінің ұжымына өз алғыстарын білдірді. Оқытушылар түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқан кезеңде университет қабырғасы қоғамында ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатушылық немесе кемсітуде ешқандай әрекеттер жоқ екенін айтты.

Дөңгелек үстелдің  қорытындысы бойынша бірнеше шешім қабылданды, оның ішінде реформаларды ілгерлетуге бағытталған ғылыми зерттеулерді күшейту және бірнеше сұрақтар қаралды.

Бұл іс-шара факультеттің Қазақстандағы реформаларды ілгерлету жолындағы маңызды қадамдарының бірі болады деп сенеміз.