Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ТДМ.4 Cапалы білім беру аясында 31.05.24 күні сағат 10.00 - п.ғ.ғ. қауымдастырылған профессор Сараш Сахиқызы Қоңырбаевамен «Ұлттық рух. Ұлттық сана» тақырыбында кездесу ұйымдастырады. Кездесу барысында Сараш Сахиқызы студенттермен саналы азаматтық позицияны ұстану, ұлттық тәрбиенің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Ұлттық тәрбиенің негізгі мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Профессор Сараш Сахиқызы студенттерге заманауи технологияларды игеріп, білімді бола тұра ұлттық рух пен сананы қатар ұстау қажеттілігі жөнінде айтты. Дәріс барысында пікірталас болып, студенттермен сұрақ- жауап айдары ұйымдастырылды. Қорытындыдай келе, іс- шараның өте танымды әрі пайдалы болғанын айта аламыз.
Ұйымдастырушылар: Ә.Байелі, Р. Төреханова