ҚазҰУ құрама командасы Халықаралық чемпионатта 3-ші орынға ие болды!

21 мамыр, 2024

ҚазҰУ-ның Механика-математика және Ақпараттық технологиялар факультеттерінің студенттері 2024 жылдың BRICS FutureSkills Challenge Халықаралық чемпионатында Digital Industry - Цифровтық өндіріс (Индустрия-4.0) компетенциясында 3-ші орынды алды және ҚР тарапынан Казан қаласында болатын BRICS FutureSkills Challenge 2024 Суперкубогына, Екатеринбург қаласында болатын Жоғары Технологиялық Компаниялардың Шетелдік чемпионаты ХАЙТЕК және Санкт-Петербург қаласында болатын ROBOTICS SKILLS 2024 чемпионатына қатысуға шақырту алды!

 

КазҰУ тобындағы студенттер: Галимов Алибек, Даненов Нұржан, Шаймарданов Ақниет, Молжигітов Жасулан.

 

Чемпионат онлайн форматта үш күн бойы өтті. 8 елден (Бразилия, Беларусь, Үндістан, Шығыс Китай, Қазақстан, Колумбия, Ресей және ОАР) және 12 техникалық университеттің топтары қатысты.