Механикадан Республикалық студенттік пәндік олимпиада.

29 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультеті механика кафедрасында 2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында механикадан Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 

Механика бойынша өткен пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының 4 жоғары оқу орнынан 32 студент қатысты:

  • · әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен-17 студент;
  • · Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен-3 студент;
  • · Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінен-10 студент;
  • · Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен-2студент.

 

Олимпиадада студенттер «Теориялық механика» мен «Сұйық және газ механикасы» пәндерінен есептер шығарды.

 

Нәтижесінде Олимпиада жеңімпаздары анықталды:

1 дәрежелі Диплом иегері - Карлина Елизавета, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті;

2 дәрежелі Диплом иегерлері: Ерланов Ренат, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс, студенті;

Батенов Ахан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2 курс, студенті;

3 дәрежелі Диплом иегерлері: Аблакат Диас, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенті,

Тулькибаев Чингис - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 3 курс студенті,

Чагин Данил, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 3 курс студенті.