Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіндегі дөңгелек үстел
2024 жылдың 3-4 маусымында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында гуманитарлық ғылымдар академигі Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың 90 жылдығына арналған «Академик Аманжолов Алтай Сәрсенұлының ғылыми мұрасы және қазіргі заман» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оның екінші күні «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» атты дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Бұл іс шара профессор Р.А.Авакованың жетекшілігімен AP19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» гранттық жобасы бойынша өтті. Дөңгелек үстелде Тараздық әріптестерге гранттық жоба туралы, оның барлық техникалық жақтары туралы таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жоба жекшісі Р.А. Авакова, жоба мұшелері Ш.Т. Кудьярова, С. Бектемирова, М.Б. Жукиевалар баяндама жасап, іс шараныың қызықты да пайдалы өтуіне атсалысты.