ҚазҰУ – ҚР ЖОО-лары арасындағы тәуелсіз рейтингте көшбасшы

19 маусым, 2024

Қазақстандағы сұранысқа ие жоғары оқу орындарының 2024 жылғы тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің басқа ұлттық жоғары оқу орындары арасында ең көп балл жинаған бірінші әрі үздік университет болып танылды. Мұндай нәтижені аккредиттелген Observatory on Academic Ranking and Excellence (IREG) Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) есептеп шығарды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы сұранысқа ие ЖОО тәуелсіз рейтингінде бағаланатын барлық білім беру бағдарламаларының саны  1650-ге дейін артты. Жүлделі орындар саны бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көшбасшы атанды – университет 337 374 балл жинап, «ҚР Топ-20 ЖОО» көшбасшы үштігін бастады.

Өткен жылмен салыстырғанда IAAR рейтингі нәтижелерін талдау халықаралық студенттік олимпиадалар жүлдегерлерінің саны бойынша 14 пайызға оң өсу қарқыны байқалғанын көрсетті. «Алыс шетелден шақыртылған оқытушы» индикаторы бойынша бұл көрсеткіш 23 пайызға артты. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысу дәстүрлі түрде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі.

Жоғары оқу орындары оқытушы-профессорлар құрамының жарияланымдық белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбегінің индекстелуі жоғары нәтижесін ҚазҰУ көрсетті.

Білім беру бағдарламаларының цифрлық  рейтингі 1650 білім беру бағдарламасы рейтингін және ҚР жоғары оқу орындары бас рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған ұлттық рейтингке қатысу білім беру қызметі бәсекеге қабілеттілігінің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ  білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі анықталып, оқытушылардың мойындалуы жайында,  ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы жұртшылықты хабардар етеді.

«ҚР сұранысқа ие ЖОО тәуелсіз рейтингі – 2024» туралы толық ақпаратты мына веб-сайттан https://iaar.agency/rating/1/0/2024 оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі