Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҒЗИ-мен ынтымақтастықты нығайтуда

19 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма Төрағасы, география ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы келді.

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаевамен кездесу барысында «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ ЖОО арасындағы екіжақты қатынастар мәселелері талқыланды. Әрі қарай Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығы мен «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасымен танысты.  

Айта кету керек, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ география және табиғатты пайдалану факультеті іске BR21882122 "Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" Мегагранты консорциумының мүшелерінің бірі болып табылады.

Бұл кездесуді ТДМ жүзеге асырады, соның ішінде ТДМ 4 - сапалы білім; ТДМ 8 - лайықты жұмыс және экономикалық өсу; ТДМ 17 - тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік.