Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және Биотехнология факультеті базасында цитоматрицаны зерттейтін Қазақстандық-Америкалық орталық ашылды

18 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және Биотехнология факультеті базасында цитоматрицаны зерттейтін Қазақстандық - Америкалық орталық,  университеттің Ғылыми кеңесінің 10.05.2024 жылғы №10 шешімі бойынша,  университет Басқарма Төрағасы – ректорының 06.06.2024  жылғы №279 бұйрығы негізінде құрылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің  цитология кафедрасының (қазіргі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының) түлегі, Хьюстон университетінің профессоры, PhD Шайкен Таттым ҚазҰУ-ға жұмыс сапары барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің операциялық қызмет жөніндегі проректоры Е.Э.Дүйсенов, университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.Ғ.Қазмағамбетов, Биология және Биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д. профессор М.С.Курманбаевамен кездесті. Кездесу барысында орталық құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім цитоматрицаның қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу саласындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған. Жаңа орталық жасуша биологиясының дамуына және Қазақстанда ісікке қарсы терапияның инновациялық әдістерін дамытуға үлес қосады. Кездесуде жасалған меморандумның маңыздылығы ҚазҰУ-дың ғылыми ынтымақтастыққа әрқашан ашық екеніне тоқталды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz