Тұрақты дамудың аясында құрлық экожүйелерін қорғау мақсатында оқу-далалық практика

18 маусым, 2024

Құрлық экожүйені сақтау бойынша тұрақты дамудың 15-ші мақсаты аясында «Биология және сабақтас ғылымдар және Балық шаруашылығы» мамандықтарының 1-курс студенттері биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры Тыныбеков Б.М. жетекшілігімен және оқытушылардың қатысуымен оқу-далалық практикасын өтуде. Биология және биотехнология факультетінің деканы, профессор М.С.Курманбаева және деканның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары PhD А.Б. Құсманғазиев, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі PhD Кегенова Г.Б.  оқу- далалық практикасының өту барысымен танысып қайтты. Студенттер күнделікті экскурсия барысында биотоптарға визуалды бақылау жүргізіп, материал жинап, гербарий жасау әдістерін меңгеріп,  флора және фауна түрлерімен табиғат аясында танысып, анықтап, латын тіліндегі атауын зерделеуде. Практика  барысында студенттер түрлердің тізімін құрастыруды, гербарийлерді кептіру және сақтау әдістерін үйренеді. Студенттер омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ұстау, таңбалау және сақтау әдістерін меңгереді, сонымен қатар түрлерін анықтап, латынша атауын тапсырады.  Оқу-далалық практика студенттердің жыл көлемінде алған теориялық білімдерін шыңдап, практика жүзінде табиғи жағдайда өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, анықтап, латын тіліндегі атауын жадында ұстау болашақ биолог мамандар үшін өте маңызды.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz