Жасанды интеллектіні енгізу: Ағылшын тілін үйрету мен оқытуды түрлендіру.
ҚазҰУ-де «Шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандық жастардың медиасауаттылығын олардың әлеуметтенуі мен мәдениетаралық өзара әрекеттесуінің негізгі факторы ретінде дамыту мақсатында тіл мен медиабілімді интеграциялау әдістемесі» ғылыми жобасы аясында «Жасанды интеллектіні енгізу: Ағылшын тілін үйрету мен оқытуды түрлендіру» атты вебинар өтті.
Спикер, АҚШ, Сан Диего МираКоста колледжінің кәсіби оқыту және тіл үйрету кафедрасының ассистенті Кристи Рэйс оқытуда жасанды интеллект құралдарын пайдалану әлеуетіне назар аудара отырып, білім беру технологияларын оқу процесіне енгізу туралы түсініктерімен бөлісті. Кристи Рэйс оқытуда жасанды интеллект құралдарын біріктіру мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар вебинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, баяндамашы ұсынған кейбір веб-құралдармен танысып және тәжірибе жасауға мүмкіндік алды. Вебинарға Әл-Фараби ҚазҰУ-нің, Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ-нің, Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің және басқа да оқу орындарының өкілдері қатысты.