Дөңгелек үстелде ESG қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды

21 маусым, 2024

ТДМ-12 Жауапты түтыну және өндіріс: 2024 жылдың 19 маусымында «ESG кәсіпкерліктің бейілділігі: ағымдағы үрдістер мен жаңа күннің мәселері» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасы, Алматы қаласының «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Global ESG Partnership-пен бірлесіп ESG қағидаттарын кәсіпкерліктің іске асыруға және енгізуге бейімделігі мәселелерін, ESG енгізу мәселелері және ESG енгізу мен тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда азаматтық қоғамның рөлін нақтылауға, ESG енгізуге мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігін талқылады.

Дөңгелек үстел аясында «Тұрақты дамудың үштұғырлы тұжырымдамасы (ESG): өңірлердің теңгерімді дамуы контекстіндегі кәсіпкерліктің мүдделері» (АР19678012 ҚР ҒЖБМ ҒК) жобасы аясында дайындалған кәсіпкерлікке арналған «ESG Guidebook» тұсаукесері жасалынды (жоба жетекшісі – Менеджмент кафедрасының профессоры, э.ғ.д. А.А. Адамбекова).

«ESG Guidebook» өз компанияларының қызметінде ESG қағидаттарын енгізуге мүдделі кәсіпкерлерге, мемлекеттік және жеке компаниялар мен ұйымдар басшыларына арналған. 

Жарияланымның мақсаты – бизнестің ESG туралыхабардарлығын және ESG сауаттылығын арттыру, тұрақты даму үрдісіне компаниялар мен ұйымдардың қатыстылығын күшейтуге үлес қосу.

Нұсқаулық үш бөлімнен тұрады: мәні, рөлі, стандарттары және рейтингтер тұрғысынан алғандағы ESG шолуы, жаһандық және аймақтық трендтер тұрғысынан алғандағы ESG ұлттық аспектілері, ESG басқару тұрғысынан тәжірибеде жүзеге асыру сұрақтарына арналған.