"Микрокапсуляцияланған пробиотикпен комбинирленген сүттен функционалдық өнімдерді әзірлеу" жобасы "Ғылым қоры"АҚ ұйымдастырған медициналық және фармацевтикалық саладағы "Технологияларды коммерцияландыру реакторы" жобаларының финалына өтті

19 маусым, 2024

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" КЕАҚ биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының базасында "Арғымақ" сериялы микрокапсуляцияланған пробиотикпен біріктірілген сүт негізінде функционалды тағам өнімдері йогурт және сүзбе пастасы алынды. Бұл өнімдерге ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде және Еуропалық экономикалық одақта мемлекеттік тіркеу туралы патенттер мен куәліктер алынды.

10.06.2024 ж. – 12.06.2024 ж. аралығында Абдулжанова Малика Анварбеговна жобалық топ атынан "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырған және "Астана Медицина Университеті" АҚ базасында Медициналық және фармацевтикалық саладағы "Технологияларды коммерцияландыру реакторы" ғылыми–техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған Астана қаласындағы диалог алаңына қатысты.

Нәтижесінде медицина және фармацевтика саласындағы 13 питч жоба тыңдалды, олардың ішінде "Микрокапсуляцияланған пробиотикпен комбинирленген сүттен функционалдық өнімдерді әзірлеу" жобасы таныстырылды. Іс-шара барысында 350 млн теңгеге дейін қаржыландырумен "Ғылым қоры" АҚ гранттық бағдарламасы туралы пайдалы ақпарат алынды. Сондай-ақ бизнес-субъектілермен байланыс орнатудың алғышарттары жасалды.

"Marine Health Group" ЖШС кәсіпкері Диас Тастамбековпен таныстырылатын "Арғымақ" өнімін коммерцияландыру мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, осы жоба бойынша Астана Авдеев Андрей "ПІБ" ауруханасы, "Сайгак Орта" ЖШС және "MMG Ltd" ЖШС сияқты 3 бизнес-субъектілер тарапынан қызығушылық танытты.

"Immuniguide" ЖШС Н.Н. Удербаевпен ғылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері ұсынылды.

Жоба жетекшілері сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.