Зертханалардың қызметімен және жұмыс нәтижесімен танысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Директорлар кеңесінің мүшелері жаңадан ашылған «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығына барып, 10 зертхананың қызметімен танысты.
Делегация құрамында Директорлар кеңесінің төрағасы – Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының экс-төрағасы, заң ғылымының докторы Мұсабек Әлімбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-төрағасы Алик Шпекбаев, әділет генерал-майоры Мұхтар Жөргенбаев, медицина ғылымының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев бар.
Құрметті қонақтарға зертханалардағы заманауи құрылғылар мен аппараттар көрсетіліп, қысқа уақыт ішінде ғалымдар жүзеге асырған ғылыми жобалар таныстырылды.
Бұдан әрі Директорлар кеңесінің мүшелері «Қашықтықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасында болып, жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерін көрді.
Аталған орталық Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруі салдарынан орын алған су тапшылығы, құрғақшылық, жердің құнарсыздануы сияқты экологиялық мәселелерге мониторинг жүргізеді.
Шара барысында ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми ғалымдарға отандық ғылымды дамытуға қосып жатқан айрықша үлестері үшін алғыс айтып, аталған орталық пен зертханалардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі