Дарынды жас ғалымдарымыздың ғылыми жобаларының гранттық қаржыландыруға ие болуымен құттықтаймыз!

22 маусым, 2024

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің «Жас ғалым» және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстары бойынша қаржыландыруға ие болған жас ғалымдарды құттықтаймыз!

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстан биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Бауенова М.Ө. «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» басымдық бағыты бойынша «Тұзды және ластанған топырақтарды қалпына келтіру үшін альгоцианобактериялық биопленкаларды алу және зерттеу» және PhD Тастамбек Қ.Т. «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану, тиімді экологиялық мониторингтің заманауи технологияларын және «жасыл технологияларды» әзірлеу» басымдылық бағыты бойынша «Қазақстандық жоғары күкіртті көмірлерді тиімді биокүкіртсіздендіру үшін микробтық консорциумды жобалау және оңтайландыру» тақырыбында қаржыландыруларға ие болды. Сонымен қатар, 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстан биотехнлология кафедрасының PhD докторанты Сандыбаева С.Қ. «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басымдық бағыты бойынша «Фототрофты микроорганизмдердің пигменттерін алу және олардың иммуномодуляциялық қасиеттері мен бактерияға қарсы белсенділігін зерттеу» тақырыбында қаржыландыруға ие болды.

Жас ғалымдардың ғылыми жобалары фототрофты және гетеретрофты микроорганизмдерді пайдалана отырып биотехнологияның әр түрлі мәселелерін оңтайлы шешуге бағытталған. Дарынды жас ғалымдарымыздың алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа жетістіктер және табыстар тілейміз!

PhD Бауенова М.Ө.

PhD Тастамбек Қ.Т.

 

Жас ғалым Сандыбаева С.Қ.