ESG қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды
Алматыда «ESG кәсіпкерліктің бейілділігі: ағымдағы үрдістер мен жаңа күннің мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оны Экономика және бизнес жоғары мектебінің Менеджмент кафедрасы Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Global ESG Partnership-пен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге қатысқандар бизнесті ESG қағидаттарын іске асыруға және енгізуге бейімдеу, тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлі және ESG енгізуді мемлекеттік қолдау қажеттілігі мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел аясында «Тұрақты дамудың үштұғырлы тұжырымдамасы (ESG): өңірлердің теңгерімді дамуы контексіндегі кәсіпкерліктің мүдделері» ҚР ҒЖБМ ҒК жобасы аясында дайындалған кәсіпкерлікке арналған «ESG Guidebook» тұсаукесері жасалынды. Жоба жетекшісі – Менеджмент кафедрасының профессоры, э.ғ.д. А.Адамбекова.
ESG Guidebook өз компанияларының қызметінде ESG қағидаттарын енгізуге мүдделі кәсіпкерлерге, мемлекеттік және жеке компаниялар мен ұйымдар басшыларына арналған.
Нұсқаулық үш бөлімнен тұрады: мәні, рөлі, стандарттары және рейтингтер тұрғысынан алғандағы ESG шолуы, жаһандық және аймақтық трендтер тұрғысынан алғандағы ESG ұлттық аспектілері, ESG басқару тұрғысынан тәжірибеде жүзеге асыру сұрақтарына арналған.
Туребекова Бажан Отемаратовна,
Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы