Құттықтаймыз

26 маусым, 2024

2024 жылы 26маусымда әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Алдибекова Алмагул Рахатовнаның  «8D05108-Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі соғды шағанының (Fraxinus sogdiana Bunge.) экология-биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің диссертациялық кеңестің тұрақты 6 және уақытша 6 комиссия мүшелері, 2 ресми рецензент, мәжіліске барлығы 14 адам, отандық ғылыми жетекшісі Курманбаева Меруерт Сакеновна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Биология және биотехнология факультетінің деканы, және Шетелдік Ғылыми кеңесші: Ахмет Аксой – PhD доктор, Акдениз университетінің профессоры (Анталья, Түркия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан қолдап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Алдибекова Алмагул Рахатовнаның  мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz