Құттықтаймыз

24 маусым, 2024

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, геоботаника мамандығының 2 курс магистранттары магистрлік диссертацияларын жоғарғы деңгейде қорғады.

Биология және биотехнология факультетінің деканы биология ғылымдарының докторы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна жетекшілігімен Үсен С. «Арал-Балқаш өңіріндегі Suaeda Forssk туыс түрлерінің жүйелі құрамын, анатомиялық құрылысын және экология-фитоценоздық рөлін зерттеу» және Абдилданов Д.Ш. «Арал-Балқаш өңіріндегі Allium L. туыс түрлерін зерттеу: систематикасын, географиясын, экологиясын, жекелеген түрлердің анатомиясын зерттеу» тақырыбы бойынша  диссертациялық жұмыстарын  өте жоғары деңгейде қорғады.

Магистрлік зерттеу жұмыстары - ғылыми техникалық бағдарлама аясында жүзеге асырылды.

- AP09258929 «Перспективы использования корреляции между составом антропофильного элемента флоры пустынной части долины р. Сырдарьи и типом нарушенности земель в прогнозных целях» (2021–2023) (гранттық жобаның жетекшісі б.ғ.к. Веселова П.В.).

- AP19679078 «Изучение видового разнообразия экотонной территории северо-восточной Бетпакдалы для сохранения реликтового генофонда аридной флоры Казахстана» (2021–2023) (гранттық жобаның жетекшісі б.ғ.к. Веселова П.В.) гранттық жобалар аясында және

- BR10264557 «Кадастровая оценка современного экологического состояния флоры и растительности Алматинской области как научная основа для эффективного управления ресурсным потенциалом» (2021-2023) (ҒТБ жетекшісі б.ғ.д. Димеева Л.А.) ғылыми техникалық бағдарлама аясында жүзеге асырылды.

Магистранттар шөлді аймақтардағы биоалуантүрлікті зерттеудің өзектілігін ашып, өсімдік жамылғысын тиімді пайдалану туралы, өсімдіктерді мал шаруашылығында, селекцияда қолдану тиімділігіне тоқталған. Диссертациялық жұмыста өсімдіктердің экологиясы, географиясы, морфо-анатомиясы туралы зерттеу нәтижелері берілген.

Магистранттар ғылыми тақырыптарын жан-жақты зерттеген. Зерттеу барысында магистранттарға қойылатын талаптарды сақтай отыра, заманауи ғылыми әдістерді жүйелі қолдана білген. Магистранттарды және ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейміз.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz