Шыңжаң университетінің (ҚХР)жазғы мектебінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті

1 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шыңжаң университетінің (ҚХР) білім алушылары үшін география және табиғатты пайдалану факультеті ұйымдастырған «Methods of assessing the anthropogenic impact on the environment: geosystems, society, education, culture and worldview» («Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным») атты «Қоршаған ортаны қорғау-2024» алғашқы Халықаралық жазғы мектебі салтанатты жабылу өтті.

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Актымбаева Жазғы мектеп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Шыңжаң университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болғанын атап өтті: «Бүгін біз БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізу үшін халықаралық жастар платформасына айналған "Қоршаған ортаны қорғау-2024" Бірінші Халықаралық жазғы мектебі аясында бірегей және жемісті жұмысымызды аяқтаймыз. Бұл мақсаттар бізді барлығына әділетті және тұрақты болашаққа бағыттайтын бағдар болып табылады».

Бұдан әрі қатысушыларға Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Е.Э. Дүйсеновтың атынан Жазғы мектепті сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. Жазғы мектеп қатысушылары:

  1. Li Yongkang
  2. Yan Yang
  3. Huang Xiuting
  4. Zhang Ziqian
  5. Ayihulan Ashan
  6. He Xin
  7. Yang Jingye
  8. Liu Duoqi
  9. Xu Yue
  10. Yang Zhongzhen
  11. Chen Liuyu
  12. Wang Yinfei
  13. Zhao Bo
  14. Gao Yitong
  15. Liu Ruoxi
  16. Pan Zehao
  17. Zhang Yuxin
  18. Xu Rui
  19. Yang Haozhe
  20. Li Yapeng
  21. Xue Yayong

Марапаттау рәсімнен кейін қатысушылар жазғы мектеп туралы өз әсерлерімен бөлісті және мұндай тәжірибе олардың академиялық және мәдени көкжиектерін кеңейтетінін атап өтіп, білім алу және білім алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.