Қазақстанның жас зерттеушілерінің ғылыми әлеуетін дамытудың маңызды кезеңіне айналған 2024-2026 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы шығарылды. Биыл 746 өтінім берілді, оның ішінде өзекті мәселелерді көрсететін 225 жоба іріктелді Конкурс жеңімпаздары арасында Жас ғалым, PhD докторы, метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Тұрсымбаева Мадина Оразғазықызы болуы5 ерекше қуаныш пен мақтаныш сыйлайды.
Мадина Оразғазықызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің түлегі, Iowa State (АҚШ) университетінің Environmental Sciences магистрі және жақында Мадина "8d050204 – Метеорология"мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Оның зерттеулері метеорологиялық және химиялық процестерді модельдеудің маңызды аспектілеріне, әсіресе Қазақстанның ірі қалалары контекстінде арналған, бұл оның жұмысын тек өзекті ғана емес, сонымен қатар ғылыми қоғамдастықта сұранысқа ие етеді. 2023 жылы Мәдина Тұрсынбаева ҚазҰУ-дың Ең үздік жас ғалымы атанды және университеттің ең дарынды жас ғалымдарының тізіміне енді. Метеорология және гидрология кафедрасының ұжымы, сондай-ақ бүкіл факультет Мадинаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды және оның болашақ шығармашылық табыстары мен ғылыми жетістіктеріне сенім білдіреді.