СБПУ филиал магистранттарының оқу практикасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында орналасқан Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Қазақстан Республикасындағы филиалының магистранттары 2024 жылдың 6 – 27 маусым аралығында СБПУ базасында (Сиань қ., Қытай) оқу практикасынан өтті. Практика барысында магистранттар СБПУ-нің кампусымен, ғылыми-зерттеу центрлері мен зертханаларымен танысып, СБПУ-нен бекітілген ғылыми жетекшілірдің жетекшілігімен диссертациялық тақырыптары бойынша жоба дайындады. Жоба нәтижелерін магистранттар 2024 жылдың 24 маусымында ҚазҰУ және СБПУ басшылары мен ғалымдарының қатысуымен гибридті формада (онлайн және оффлайн) кездесуде сәтті қорғап шықты.
СБПУ-нің халықаралық конференц-центрінде өткен ашылу салтанатына физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы Жексебай Д., СБПУ халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің директоры Конг Джи, СБПУ Материалтану мектебінің патрия комитетінің хатшысы Ли Хенг және т.б. 50-ден астам университет басшылары, оқытушылар мен ғалымдар қатысты. ҚазҰУ тарапынан физика-техникалық факультетінің деканы Бейсен Н.Ә., физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының меңгеруші м.а. Ханиев Б.А., акпараттық технологиялар факультетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Сатымбеков М.Н. және басқа да ғалымдар мен оқытушылар онлайн қатысты.