«Күміс университеті» бағдарламасы аясында егде жастағы буын үшін біліктілікті арттыру курсы баста

3 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Күміс университеті» бағдарламасы аясында егде жастағы буынға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.

Үшінші жастағы Университет – бұл егде жастағы буынға әртүрлі бағыттар бойынша білім мен дағдыларды үйренуге мүмкіндік беретін халықаралық қозғалыс. «Күміс университеті» курсының бағдарламасына кампус-тур және жасанды интеллект, адам экологиясы, климаттың өзгеруі, ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритмі және т.ыб. тақырыптар бойынша 10 дәріс және практикалық сабақтар кіреді.

Аталған курсқа 20 тыңдаушы қатысып, олар үшін кампус-тур ұйымдастырылды, одан кейін география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А. С. Ақтымбаева факультет пен «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығының, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай зертханасының қызметі туралы айтып берді.

Бұл бастама ТДМ 4-ке қол жеткізуге ықпал етеді: жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру.