География және табиғатты пайдалану факультетінің түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді

3 шілде, 2024

03 шілдеде география және табиғатты пайдалану факультетінің түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. География және табиғатты пайдалану факультетінде салтанатты рәсімді Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі Проректор А. Г. Қазмағамбетов ашты.

«ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азияның 200 үздік университеттерінің қатарына енген алғашқы және жалғыз университет болып табылады. Университет халықаралық зерттеу желісі, тұрақты даму көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Біздің университет жаңа идеяларды қалыптастыруға және заманауи жоғары технологиялық өндірістерді құруға, оларды игеруге, барлық ғылымдар бойынша терең іргелі білім беруге қабілетті сұранысқа ие мамандарды дайындайды. ҚазҰУ түлектері қай жерде жұмыс істесе де, әрқашан әріптестерінен жоғары кәсібилігімен, білім деңгейімен, креативтілігімен, іске жаңашыл көзқарасымен, ойлауымен, терең талдау жүргізе білуімен ерекшеленетініне сенімдімін», - деп проректор факультет түлектерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Нәтижесінде география және табиғатты пайдалану факультетінде биыл 289 түлек бітірді. Оның ішінде 145-сі бакалавр, ал олардың арасынан 69 түлек үздік диплом иегері атанды.

Іс-шара соңында Алтай Қазмағамбетов түлектерге дипломдар табыс етті. Факультет деканы мен кафедра меңгерушілері алғыс хаттар табыс етіп, салтанатты шарамен құттықтады, сондай-ақ оларға табысты кәсіби бастама тіледі.