Ботаникалық бағының урбандалған аумақтағы экологиялық маңызы

4 шілде, 2024

әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «6В05202-Экология» мамандығы бойынша тәлім алып жатқан 1-шi курс студенттері Алматы қаласының Бас ботаникалық бағына барып, "Алматы қаласының ботаникалық бағының урбандалған аумақтағы ғылыми, экологиялық және әлеуметтік маңызы" тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы глобальды мақсаттарының бірі -ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен елді мекендер " - қалалардың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәлімдейді. Қарқынды урбанизация әсерінен  қоршаған ортаға және жалпы табиғатқа шамадан тыс антропогендік қысым артуда. Мысалы, үлкен қалаларда көміртегі шығарындыларының шамасы  70% құрайды. 

Болашақ экологтар Алматы қаласының Бас ботаникалық бағының экологиялық мәселелерді  ғылыми және практикалық тұрғыдан шешудегі мүмкіндіктерін бағалады: https://drive.google.com/file/d/19CD0sLhnHG0ZV1POq2QMzUgVn88MeQC9/view?usp=sharing