«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ» БАҒДАРЛАМАСЫ. КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Кафедрамыздың доценті Ульман А.А. және кафедра меңгерушісі, PhD, доцент Асылбекова А.А. цифрлық картография және қолданбалы геодезия лабораторияларымен таныстыру жұмыстарын өткізді. Бұл іс-шара тыңдаушылар тарапынан жоғары деңгейде кері байланыс алып, қызу талқыланған тақырыптармен өтті.
Кездесу барысында қазіргі кездегі геодезиялық аспаптардың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы сұрақтар көптеп қойылды. Сондай-ақ, цифрлық карталардың қалай жасалатындығы үлкен қызығушылық тудырды. Тыңдаушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасу арқылы қызықты әрі мазмұнды талқылаулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, кездесу өте жоғары деңгейде өтті.
Бұл кездесу тұрақты даму мақсаттарының бірі ретінде қарт адамдарға арналған инфрақұрылымды жақсарту мен олардың қажеттіліктерін ескере отырып, технологияларды енгізу мәселесіне ерекше назар аударды. Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен цифрлық картография әдістері қарт адамдардың өмір сапасын жақсартуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар қарт адамдардың қоғамда белсенді әрі толыққанды өмір сүруін қолдауға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.