«Алтай-Тарбағатай – ежелгі тарихымыздың алтын бесігі» атты археологиялық жазғы мектебі

3 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы және т.ғ.д., профессор Ә.Т. Төлеубаевтың 70 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Шығыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайының қолдауымен 27 маусым мен 03 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылында «Алтай-Тарбағатай – ежелгі тарихымыздың алтын бесігі» атты археологиялық жазғы мектебі өтті.

Жазғы мектепке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ директор Г.Н. Ибраеваның және оқытушы Н.К. Мединенің басшылығымен Семей қаласының "Semey new school" жеке меншік мектебі, Астана қаласының Ә.Х. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқытушысы Ж. Байдрахманованың жетекшілігімен, Боран ауылының мектеп-гимназиясы директоры А. Болатовтың жетекшілігімен мектеп оқушылары да жазғф мектепке белсене қатысты.

Т.ғ.к., ассоц.профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Археология және антропология» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ғ.Қ. Омаров, т.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұ.Ү. Үмітқалиев, т.ғ.к., Шәкәрім университетінің профессоры А.И. Исин, т.ғ.к., Таулы Алтай мемлекеттік университетінің доценті Н.А. Константинов және басқалары жазғы мектеп аясында қатысушыларға дәрістер оқып, шеберлік сағаттарын өткізді.

Археологиялық экспедицияға алғаш қатысқан студенттер археологқа қабылдау рәсімінен өтті. Сондай-ақ, Жазғы мектептің барлық қатысушылары үшін Марқакөл өзеніне саяхат, деректі фильмдер көру және ерте темір дәуіріндегі қорғандарды қазу әдістемесі бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.