Шыңжаң университетінің (ҚХР) жазғы мектебіндегі ҚазҰУ студенттері

11 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Шыңжаң университетінің жазғы мектебіне қатысу үшін Қытайға келді. Бұл білім мен мәдени байытудың бірегей мүмкіндігі.

Бірінші күн кампуспен танысуға және ұйымдастырушылық сәттерге арналды. Студенттер оқытушылармен кездесті, курстар бағдарламасымен танысты және алдағы іс-шаралар туралы білді.

Екінші күні Шыңжаң университеті басшылығының қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жазғы мектеп бағдарламасы географиядағы климаттың өзгеруі, урбанизация процесі және т.б. сияқты озық ғылыми мәселелерге, сондай-ақ географиялық зерттеулердің жаңа технологиялары мен әдістеріне арналған дәрістерді қамтиды.

 

Жазғы мектеп екі апта бойы жалғасады, оның барысында студенттер құнды білім алып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайта алады. Шара Тұрақты дамудың Сапалы білім, Тұрақты даму үшін серіктестік аясын қамтиды (4, 17).

"Жазғы мектеп" бағдарламасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Шыңжаң университеті география және қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастықтың жалғасы, бұл екі жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынасының нығайуының берік кепілі.

Шыңжаң университеті: https://www.xju.edu.cn/info/1028/24787.htm