Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де біліктілікті арттыру

15 шілде, 2024

12.07.2024. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де біліктілікті арттыру шеңберінде Ажиниязов атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының (Өзбекстан) 35 тыңдаушысы география және табиғатты пайдалану факультетіне, Қытай-Қазақстан зертханасына, тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығына барды. Экскурсия аясында тыңдаушылар осы орталықтардың ғылыми жетістіктерімен, жобаларымен және жетекші ғалымдарымен танысты. ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму бойынша кафедрасының меңгерушісі университетте сапалы білім беру тақырыбында дәріс оқыды (SDG4). Тыңдаушылар оқу процесінің құрылымымен, осы бағыттағы жаңалықтармен танысты, сондай-ақ біздің білім беру бағдарламаларымыздың құрылымдары, ЖООК-тың оқу процесіне енгізілуі түсіндірілді.


Өзбекстан Республикасынан келген әріптестер серіктестікті нығайту мақсатында ғылыми және білім беру бағдарламалары аясында тығыз ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Сондай-ақ, әріптестер ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедраларының жыл сайынғы қысқы мектебіне шақырылды. Білім және ғылым саласындағы принциптер мен құндылықтарға, ортақ көзқарас пен ортақ мақсаттарға негізделген серіктестікке қатысу және нығайту үшін (SDG-17).