ҚазҰУ-да білім беру гранттары конкурсына өтініштер қабылдау жалғасуда
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы үшінші күн талапкерлерден гранттық білім беру бағдарламалары конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау жұмысын жалғастыруда. Байқаудың өзі демалыс күндері басталды. Факультеттердің жауапты хатшылары қажетті құжаттарды толтыруға, ақпарат беруге және талапкерлерге өтініш тапсыру процесінде көмек көрсетуде.
Үш күн ішінде 1126 талапкердің құжаттары қабылданды. Бакалавриат деңгейіне жүгінгендердің жалпы саны 412 адамды құрады. Оның ішінде 319-ы офлайн форматта және 93-і онлайн режимінде кеңес алып, қабылдаудан өтті.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар, филология, журналистика, география және табиғатты пайдалану факультеттері мен Экономика және бизнес жоғары мектебіне түсем деушілер саны артып отыр.
Бүгін магистратура бойынша оқуға үміткерлер арасынан 30 адам түрлі форматта ақпараттан құлағдар болды. Қабылдау науқаны басталғаннан бері барлығы 1243 адам кеңес алды. Қазіргі уақытта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдануда.
15 шілдеде PhD оқыту деңгейі бойынша кеңес алуға өтініш білдіргендер саны 25 адам болды, олардың жалпы саны маусымда басталған қабылдау науқанынан бері 1008 адамды құрады.
Айта кету керек, жұмыс басталғаннан бері (1 маусым) 9479 талапкер ҚазҰУ қабылдау комиссиясына кеңес алу үшін жүгінді.
Бүгінгі таңда шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі офис 425 әлеуетті студентті қабылдады (бакалавриат – 208, магистратура – 187, PhD – 30 адам).
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 315 оқушыдан құжаттар қабылдады: шетелдік студенттер және дайындық курстары – 195, колледж – 99, кәсіптік мектеп – 21 адам.
ҚазҰУ-дың Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы филиалы 247 талапкерді қабылдады.
Үшінші күні мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін барлығы 1428 талапкер электрондық кезектен өтті. Мәселен, өткен жылы күніне бір мыңнан аспаған. Бүгін еліміздің жетекші жоғары оқу орнының қабырғасында талапкерлердің рекордтық саны қабылданды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі