Қазақ ұлттық университеті өкілдері мен Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының өкілдерінің кездесуі

19 шілде, 2024

Басқарма төрағасының орынбасары кеңсесінде Қазақ ұлттық университеті өкілдері мен Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының өкілдерінің кездесуі өтті. Жиналыста ҚазҰУ атынан: Басқарма төрағасының орынбасары Дүйсенов Е.Е., оқу ісі жөніндегі проректор Қазмағамбетов А.Ғ., физика-техникалық факультетінің деканы Бейсен Н.А., халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Өміржанов Е.Т., Физика-техникалық факультеті деканының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Пешая С.Л. СБПУ атынан халықаралық ынтымақтастық департаменті Чжан Ци (Эля) және Сун Цин (Сильвия) болды. Кездесуде келесі мәселелер талқыланды: СБПУ филиалының бірінші жыл жұмысының қорытындысы, ынтымақтастықты жалғастыру, бірлескен зертхана ашу, академиялық ұтқырлық аясында ҚазҰУ-да лагерь өткізу мүмкіндігі, қабылдау комиссиясының жұмысы .

Кездесуде тараптар магистранттарды бірлескен білім беру бағдарламаларына  қабылдау жұмыстарын талқылады және маусым айында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінде (Сиань, Қытай) өткен «Microsatellite Experience 2024» жазғы лагердің нәтижелерін қорытындылады.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Қытай мен Қазақстан: жаңа көкжиектерге ортақ ұмтылыс» атты баяндамасында ҚХР университеттері, сараптамалық орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бірлескен оқыту мен бірлескен зерттеулерді ұйымдастырудағы ҰБПУ филиалының үлкен рөлін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан, ҚазҰУ-да қазан айында академиялық ұтқырлық аясында магистранттарды техникалық даярлау үшін ҚазҰУ мен Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің бірлескен зертханасын құру және «жазғы мектеп» өткізу туралы ұсыныс енгізді.