ҚазҰУ-да алғаш рет стоматолог-дәрігерлер оқу бітірді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық тарихында алғаш рет «Стоматология» мамандығы бойынша жас мамандар түлеп ұшты. Қазақстан, Иордания, Ирак, Ресей және Түркіменстанның жас мамандары аталған мамандықтың бакалавриат деңгейін аяқтады.
Бұл маңызды оқиғаның өзіндік тарихы бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық факультетінің Жоғары медицина мектебі 2018 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында құрылды. Клиникалық мамандықтар кафедрасы 2022 жылы қайта құрылып, «Стоматология» мамандығы бойынша студенттерді даярлау үшін жеке құрылымға бөлінді. 2019 жылы 17 адамнан құралған алғашқы студенттер тобы стоматологияға қабылданды. 2023-2024 оқу жылына қарай аталған мамандық бойынша студенттер саны 183-ке дейін өсті.
Кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми, клиникалық және тәрбие жұмыстарының негізін қалады. Бакалавриаттың «Стоматология» инновациялық білім беру бағдарламасы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) әзірленді. Бұл шетелдік студенттер үшін оқу процесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-дың білім беру процесіне Florida University of Dentistry, Michigan Dental School және Singapore Dental School сынды танылған халықаралық медициналық мектептердің озық тәжірибесі енгізіліп, ескерілді.
Оқыту нәтижелері, білім беру бағдарламасының оқу жоспары және пәндердің мазмұны Дүниежүзілік Медициналық білім Беру Федерациясының WFME (World Federation of Medical Education) – Global Standards for Quality Improvement in Medical Education жаһандық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Жаһандық ауқымда денсаулық сақтаудың әртүрлі жүйелерінің талаптары ескеріледі. Бұл өте маңызды, өйткені қазіргі уақытта осы білім беру бағдарламасы бойынша ҚазҰУ-да әлемнің 17 елінен келген шетелдік студенттер оқиды. Болашақ стоматолог-дәрігерлерді даярлау симуляциялық орталықта СК «Сар–Адан», СТ «Ni-Dental», «Daris-ТТЕ» оқу-клиникалық кәсіпорны ЖШС клиникалық базаларында да өтеді.
2023-2024 оқу жылында 10 заманауи стоматологиялық қондырғы сатып алынды. Сондай-ақ, стоматологиялық кабинеттердің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен басқа да материалдар сатып алынды.
Жоғары Медицина мектебі құрылғалы бері ҚазҰУ базасында бір жылдық интернатураны 101 дәрігер-стоматолог бітіріп шыққан.
Түлектер мен және кафедра ұжымын құттықтай отырып, олардың барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі