- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары Батыс Қазақстан аймағын тұрақты дамыту жөніндегі ғылыми бағдарламаның веб-сайтын іске қосты
ҚазҰУ ғалымдары Батыс Қазақстан аймағын тұрақты дамыту жөніндегі ғылыми бағдарламаның веб-сайтын іске қосты
2023 жылдың 27 қазанында, «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) шешіміне сәйкес, «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» атты тақырып бойынша ЖТН-і BR21882122 мегагранты қаржыландыруға мақұлданды. Бағдарламаның мақсаты: Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын қамтитын Батыс Қазақстан аймағының табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша кешенді зерттеулер жүргізу.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және олардың нәтижелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында https://ecokazwest.kz/ URL-мекенжайы бойынша мамандандырылған веб-сайт әзірленді.
Аталған веб-сайтты құрудың мақсаты – бағдарлама туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинақтау және тарату, барлық мүдделі тараптар үшін деректерге жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз ету. Веб-сайт ғылыми жетістіктерді насихаттауға, оларды практикалық қолдану аясын кеңейтуге және ғылыми білімдерді аймақтың қоғамдық және экономикалық үдерістеріне интеграциялауға ықпал етеді.
Веб-сайт 9 негізгі бөлімге бөлінген, олардың әрқайсысы бағдарлама туралы ақпаратты ұсынуда бірегей функцияны орындайды:
- Басты бет. Бағдарлама туралы жалпы ақпаратты, Батыс Қазақстан аймағының интерактивті картасын және соңғы жаңалықтарды қамтитын шолу беті.
- Бағдарлама туралы. Мегагранттың мақсаты, міндеттері, өзектілігі, күтілетін нәтижелері және орындаушылар туралы ақпаратты қоса алғанда, егжей-тегжейлі сипаттамасы.
- Міндеттер. Консорциум мүшелері жүзеге асыратын нақты міндеттерді егжей-тегжейлі сипаттайтын бөлім.
- Серіктестер. Консорциум мүшелері, олардың бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлері, ғылыми мүдделері және бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесі туралы ақпарат.
- Аймақ туралы. Облыстар тұрғысынан Батыс Қазақстан аймағы туралы ақпарат беретін интерактивті карта.
- Жарияланымдар. Мақалалар, монографиялар, патенттер және басқа да еңбектерді қоса алғанда, бағдарлама аясында жарияланған ғылыми жұмыстар каталогы.
- Жаңалықтар. Өткізілген іс-шаралар, ғылыми зерттеулер және басқа да маңызды оқиғалар туралы жаңартулар.
- Байланыс. Консорциум мүшелерінің барлық ұйымдарының байланыс ақпараты.
- Tourism Forum. 2024 жылдың 21-23 қарашасында өтетін, 150-ден астам шетелдік қонақтардың қатысуы жоспарланған алдағы тұрақты туризм форумына арналған суб-домен веб-сайтына сілтеме.
Веб-сайттың бірегейлігі ақпаратты ұсынудың интеграциялық тәсілінде жатыр. Ол консорциумның барлық тоғыз мүшесі туралы мәліметтерді біріктіріп, пайдаланушыларға міндеттер, орындаушылар, жарияланымдар және байланыс ақпараты туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ресурс зерттеушілер мен тәжірибешілер үшін маңызды құралға айналады, оларға бағдарлама мен аймақ туралы кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді.
Бағдарлама тұрақты дамудың маңызды экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) 1-3, 6-15 және 17 тығыз байланысты. Веб-сайт осы мақсаттарға қол жеткізуге, біліммен алмасу және зерттеу нәтижелерін насихаттау платформасын құруға, олардың практикалық қолданылуын және коммерциялануын арттыруға көмектеседі.
Батыс Қазақстанның тұрақты дамуы жөніндегі ғылыми бағдарламаның веб-сайтын әзірлеу және іске қосу ғылыми білімді интеграциялау мен таратудың маңызды қадамын білдіреді. Бұл ресурс ғылымды насихаттауға ғана емес, сонымен қатар аймақтың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған негізгі ТДМ-ды іске асыруға өз септігін тигізеді.