Метеорология және гидрология кафедрасының студенттері COURSERA платформасында курсатарын сәтті аяқтады!!!

23 шілде, 2024

Ғаламдық платформа - Coursera бойынша біздің университетімізде студенттерге әртүрлі саладағы тегін курстар оқуға мүмкіндік берілген. «Метеорология» оқу бағдарламасының докторанттары Мусралинова Гульнур, Махамбетова Меруерт Coursera платофрмасында «AI and Climate Change» (Жасанды интелект және климаттың өзгеруі) атты курсын сәтті аяқтады. Бұл курста антропогендік климаттың өзгеруінің механизмдеріне және оның жаһандық температура мен ауа-райына әсері талқыланды. Осы тақырыптар бойынша екі нақты мысал қарастырылады, олардың бірі жел энергиясын болжау үшін уақыт қатарын талдауды, ал екіншісі биоәртүрлілікті бақылау үшін компьютерлік көруді қолданады. Екі мысал да жасанды интеллект әдістеріне негізделген, яғни климаттың өзгеруін азайту және бейімделу мәселелерін шешудің бір бөлігі бола алатын мысалдар болып саналады.

Жаһандық жылыну-біздің ғасырдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Сондай – ақ 1курс магистранттары Әліпбек Әсем, Тұрсынбай Аяжан және Саханова Алуа «Science and Engineering of Climate Change»  (Климаттың өзгеруі туралы ғылым және инженерия) курсын өтті."Климаттың өзгеруі туралы ғылым және инженерия" курсы климаттың өзгеруі туралы ғылымға және оның өзгерісін азайтудың қолданыстағы технологияларына кіріспе ұсынады.  Бұл курста ғалымдардың климатты және оның эволюциясын қалай өлшейтінін, климаттық модельдердің қалай жұмыс істейтінін және атмосферадағы парниктік газдардың климатты анықтауда қалай маңызды рөл атқаратынын жайлы мәліметтер берілді. Келесі модульде көміртегі шығарындыларын және оның атмосферадағы концентрациясын азайту үшін пайдаланылуы мүмкін негізгі технологиялармен таныстырады, сонымен қатар курстың бірінші бөлігінде көрсетілген фактілерді ескере отырып, бұл технологиялардың қалай жақсы бір бірімен үйлесетіні түсіндірілді және практикалық жұмыстар жасалды.

Болашақта Coursera платформасы бойынша оқыған курсын диссертациялық жұмыстарын жазуда қолдану жоспаралнып отыр.