Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде Әскери кафедраның 90-жылдығына арналған Ерлік сабағы өтті.

25 шілде, 2024

Әскери кафедра оқытушылары: Әскери патриоттық жұмыстары бөлім бастығы Э.А. Бейсетбаева, бөлім бастығының орынбасары А.Ж.Олжабаева, подполковник Б.Н.Чингисбаева, майор Т.К.Ергалиев бастаған оқу ротасының 3 және 4 взводының 25 студенттері қатысқан бұл іс-шара унивеситет тарихымен танысуға арналған танымдық экскурсиямен басталды.

Жастар бойында ұлттық сананы қалыптастыру, отансүйгіштік, азаматтық тәрбие жұмыстарын өте жоғары деңгейде өткізетін бұл кафедра мен Музей арасындағы тығыз байланыс жылдан жылға дәстүрге айналып, әр оқу жылы сайын шығармашылық конкурстар мен дебаттар, ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылып тұрады.

Биылғы оқу жылының кафедра түлектері университет пен әскери кафедраның 90-жылдың мерейтойына арналған «Ерлік сабағына» «Мен әскери кафедрамды мақтан тұтамын" атты тақырыпта презентациялар, ақпараттық дайджест,қазақ ақиық ақындарының өлең жолдары мен шығармалар дайындап келді. Іс-шара соңында үздік шығарма жазған және үздік өлең оқыған студенттерге университет төсбелгісі табысталып, курсанттар «Алға қазақ жігіттері» атты әнді хормен орындады.

Әскери кафедраның барлық ұжымына музей қызметкерлері атынан үлкен алғысымызды білдіре отырып,  алдағы уақытта да тәрбиелік мәні зор патриоттық шығармашылық кештерді бірігіп өткізуге дайын екенімізді айтамыз.