Грантқа өтініштерді қабылдау аяқталды

25 шілде, 2024

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің қабылдау комиссиясы білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдауды аяқтады.

Қабылдаудың барлық кезеңінде 13 шілдеден 24 шілдеге дейін университеттің техникалық хатшылары электронды кезек арқылы 14 563 талапкерді қабылдады.

Қабылдау комиссиясы конкурсқа қатысу шарттарын, білім беру грантын иеленуге арналған жеңілдіктер мен квоталардың ерекшеліктерін түсіндірді. Құжаттар қабылданды және талапкерлерге кеңес берілді. Қабылдау комиссиясы барлығы 2 864 өтініш қабылдады, оның ішінде қазақ тілінде – 2164, орыс тілінде – 700, ағылшын тілінде - 5 талапкер.

Қабылданған құжаттарды талдауда талапкерлер арасында айтарлықтай үлестің білім беру грантын иеленуге жеңілдіктері бар екенін көрсетеді. Сонымен, талапкерлердің басым көпшілігі «ауылдық квота» санатында – 969. Көпбалалы отбасынан шыққан талапкерлер – 548, ал толық емес отбасынан – 283. Сондай-ақ талапкерлер арасында әлеуметтік осал топтар: жетімдердің үлесі шамамен – 19, мүмкіндігі шектеулі азаматтар  саны – 12. Үздік аттестаты бар талапкерлердің саны 457, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері – 282.

Өтініштерді қабылдау кезеңі көрсеткендей, талапкерлердің басым көпшілігі басқа университеттерге қарағанда еліміздің бірінші университеті ҚазҰУ деп санайды. 

Конкурсқа құжаттарды қабылдау барысында талапкерлер, олардың ата-аналары көрсетілген қызметтердің сапасы, қабылдау шарттары мен қабылдау комиссиясының хатшылығына алғыс білдірді. 2024 жылдың 13-24 шілде аралығында 2ГИС навигациялық жүйесіне 30 пікір түсіп, оның 29 оң көзқарас танытқан. Инстаграмдағы әлеуметтік желіде осы кезеңде жазылушылар саны  артты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі