ҚазҰУ-дағы Қытайдың СБПУ филиалы студенттерді қабылдайды
Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (СБПУ) ҚазҰУ базасындағы филиалы талапкерлерден құжаттар қабылдауда.
Филиал бакалавриат түлектеріне бүгінде өзекті саналатын «Электроника және коммуникациялық технологиялар», «Материалтану және инженерия» және «Компьютерлік ғылымдар мен технологиялар» мамандықтарын меңгеруді ұсынады.
Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы мамырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (СБПУ) Қазақстандағы филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісім негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12 қазанда ҚХР Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды.
СБПУ техникалық бейіндегі Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Оқу орны Academic Ranking of World Universities 2023 халықаралық рейтингінің топ-200 енсе, THE 2023 рейтингінде топ-600 (317-ші орын) және U.S.NEWS 2023 халықаралық рейтингінде 253-ші орынды иеленеді.
Магистратураның бірінші жылын студенттер Қазақстанда, екінші жылын Қытайда оқиды. Оқуын аяқтаған соң жастар екі жоғары оқу орнының ҚазҰУ мен СБПУ қос дипломын алады. Филиал түлектері халықаралық технологиялық компанияларда жұмыс істей алады. Бүгінде көптеген қытайлық өндірушілер Қазақстанда өкілдіктерін ашуда. Осы ретте ҚазҰУ және СБПУ дипломдары жас мамандарға Huawei және ZTE сынды ҚХР ірі компанияларына жұмысқа орналасу кезінде артықшылықтар мен мүмкіншіліктер мол болмақ.
Оқуға түсушілер кешенді тестілеуден (КТ) өтуі қажет. Грант иегерлері автоматты түрде қабылданады. Грант иеленбеген, бірақ 75 балдан жоғары бал жинаушылар әңгімелесуден өтуге мүмкіндік алады. Филиал студенттеріне қосымша стипендиялар беріледі. Құжаттарды қабылдау уақыты 20 тамызға дейін жалғасады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі Whatsapp нөмерге хабарласуға және сайт сілтемесінен ақпарат алуға болады. Whatsapp: +8613630232306. Сайттағы ақпарат:
https://npukazakhstanbranchen.nwpu.edu.cn/index.htm
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі