Физика-техникалық факультетінде СЗПУ делегациясымен кездесу өтті. ҚазҰУ атынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры О.Е.Өміржанов, физика-техникалық факультетінің деканы Н.А.Бейсен, ғылыми инновациялар және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары С.Л. Пешая, ҚазҰУ қабылдау комиссиясының өкілдері, кафедра меңгерушілері және қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеушілер қатысты. СЗПУ атынан Жаһандық өзара әрекеттесу кеңсесінің директоры Конг Цзе, Жаһандық өзара әрекеттесу кеңсесі директорының орынбасары Ли Цзывэй және Халықаралық өзара әрекеттесу кеңсесінің өкілі Чжай Вэн (Эмма) қатысты. Отырыста қабылдау комиссиясына, білім беру бағдарламасына түскен өтініштер санына және талапкерлердің түпкілікті тізіміне қатысты мәселелер талқыланды. 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында академиялық ұтқырлық мүмкіндігімен СЗПУ студенттері үшін лагерь өткізу туралы ұсыныс жасалды.
Тараптар СЗПУ филиалы мен ҚазҰУ арасындағы қарым-қатынасты дамытудың жол картасын құру және одан әрі жұмыс жасау туралы шешімге келді. Жол картасына 2024 жылдың қыркүйегінде халықаралық форум өткізу, жазғы лагерь аясында студенттермен алмасу, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары бойынша мұғалімдермен алмасу, Microsatellite жобасы аясында ғылыми өзара іс-қимыл кіреді.