«Егінжай күні» далалық семинары

1 тамыз, 2024

2024 жылғы 27 шілдеде 12 және 13 ТДМ жүзеге асыру шеңберінде метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары «Ауыл шаруашылығын дамыту: су ресурстарын тұрақты және қауіпсіз басқару» тақырыбындағы «Егінжай күні» атты далалық семинарға қатысты. Семинар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі – су ресурстарының тапшылығы және оның ауыл шаруашылығына тигізетін әсеріне арналды.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, ҚР Су шаруашылығы және ирригация бірінші вице-министрі, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты.

Далалық семинар барысында су тапшылығының негізгі себептері, оның ел экономикасына және азық-түлік қауіпсіздігіне әсері талқыланып, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, суды үнемдеу технологияларының маңыздылығы, олардың суды үнемдеудегі, өнімділікті арттырудағы рөлі қарастырылды.

Семинар тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.